
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, радио-техникалық объектілерді бақылау мәселелері бойынша көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара «Кселл» АҚ алаңында арнайы өткізіліп, оған Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аудандық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өнеркәсіптік және радиациялық бақылау объектілерін бақылау саласына жауапты қызметкерлері қатысты.
Семинарда радио-техникалық және радио-электронды объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен басқа да құқықтық актілердің нормалары практикалық негізде түсіндіріліп, сұрақтарға жауаптар беріліп, туындаған мәселелер талқыланды.
Көшпелі семинардың мақсаты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетіп, құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.