
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалармен жүргізілетін кесте бойынша тексерулерге Департамент қызметшілерін де тарту көзделген.
Осы мақсатта Департаменттің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Мақпал Жузбайқызы Баратова Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен жүргізілген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «И.С.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК тексеруіне қатысты.
Тексеріс барысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің өкілдері тексеру объектісіндегі қызметкерлерге халықтың санитариялық-эпиедмиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамаларға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.