Өткен демалыста Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері салауатты өмір салты мен ұжымдық мәдениетті қолдап, табиғат аясында серуен құрды.
Іс-шарада қызметкерлер ұлттық стильде киініп, ұлттық спорт түрлерінен күш сынасты. Бұдан бөлек, қызметкерлер арасында «Қыз сыны» және «Жігіт сұлтаны» сияқты сайыстар ұйымдастырылып, сайысқа қатысушылар бар өнерін көрсетті.
Сондай-ақ әріптестер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы тілектері мен лебіздерін білдіріп, үлкендер бата беріп, жас мемлекеттік қызметшілерге бағыт-бағдар көрсетіп, ақыл-кеңестерін айтты.
Ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды одан әрі жақсартуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұндай іс-шаралар Департаментте тұрақты негізде өткізіліп тұрады.