
Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының хаттамалық тапсырмасы бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Онда басшы Қасымхан Алпысбайұлы өзі төрағалып етіп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге кедергі келтіретін мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, жұмыс кеңесіне Департамент басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова, профильді бөлімдердің басшылары, аудандық басқармалар басшыларының орынбасарлары қатысты.
Бұдан бөлек, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім прокуроры, 2-ші сыныпты заңгер Темірлан Талғатұлы Нареимов шақырылып, бақылау-қадағалау қызметі бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, практикада кездесетін мәселермен бөлісті.
Кеңестің тағы бір қонағы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Бактыгуль Климовна Сейтова жауапкершіліктен жалтарған субъектілерді анықтау жолдарын қарастыру бойынша тәжірибемен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.
Алматы қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды бақылау және тіркеу бөлімінің бас маманы Гульназ Досымбековна Рыскулова заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша айтып беріп, оларды анықтау бойынша өз ұсынымдарын білдірді.
Кеңесте өзге де мәселелер талқыланып, оның шешу жолдары қарастырылып, тараптар ведомствоаралық әрекеттесуге уағдаласты.