Жоғарғы медицина колледжінің студенттерімен кездесу

Жоғарғы медицина колледжінің студенттерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КММ гигиена-эпидемиология мамандығының 4-курс студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Департаменттің бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары З.Б. Салқынбаев, М.Н. Мухамедиев, К.К. Конысбаева, Д.Б. Бөлегенова студенттерге мемлекеттік қызметке тұру тәртібі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сондай-ақ осы саладағы өмірлік тәжірибелері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, студенттерге жоғары оқу орнының маңыздылығы мен оның мансапқа қол жеткізудегі артықшылықтары түсіндірілді.

Студенттер Департамент өкілдерін мұқият тыңдап, бірқатар сұрақтар қойып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке қызығушылықтарын танытты.