
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 9 сәуірінде коммуналдық объектілерді бақылау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің қызметкерлері, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты қызметкерлері қатысты.
Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Г.К. Килибаева қатысушыларға коммуналдық объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізудің, атмосфералық ауаның, ауыз судың, топырақтың, су айдындарының және шудың жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдерін түсіндіріп, 2026 жылғы І тоқсандағы мониторинг қорытындыларымен таныстырды.
Департаменттің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы А.Ж. Умбеталиев «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесі туралы айтып беріп, сондай-ақ ластанған атмосфералық ауаның инфекциялық емес аурушаңдыққа әсерін зерделеудің және себеп-салдарлық байланысты белгілей отырып, тәуекелдерге бағалау жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында проблемалық мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.