
2026 жылғы 3 сәуірде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, онлайн семинар өткізілді.
Семинарға аудандық басқармалардың жауапты қызметкерлері қатысып, онда инфекциялық емес аурулардың алдын алу және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобалары мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Басшы орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова инфекциялық емес аурулардың алдын алу, қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсері бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Умбеталиев Абылайхан Жолдасбекұлы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты университеттер», «Салауатты жұмыс орындары», «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» жобаларын іске асыру жолдары туралы баяндады.
Семинар қорытындысы бойынша аудандық басқармаларға аталған бағытта жұмысты сапалы әрі уақтылы жүргізу қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.