
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айгүл Серікқызы Асылова және Бостандық ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Динара Әсетқызы Өзбекова туберкулездің алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша семинарға қатысты.
Аталған семинар Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «№4 қалалық емхана» ШЖҚ КММ алаңында ұйымдастырылды.
Семинар барысында туберкулезді ерте анықтаудың өзекті мәселелері талқыланып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын, скринингтік тексерулердің сапасын арттыру және бастапқы медициналық-санитариялық көмектің рөлін күшейту қажеттігі атап өтілді.
Қорытындысы бойынша аурудың алдын алу мен ерте диагностикалау бағытындағы профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді.