
Ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан айлары аралығында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп «Qoldau» акцияларын өткізді.
Іс-шараларда Департаменттің, аудандық басқармалардың, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері азаматтарға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша көмек көрсетіп, қажетті кеңестер берді.
«Qoldau» акциялары аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының бәрінде өтіп, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңестер беру арқылы қоғаммен кері байланыс орнатудың құралына айналды.
Бұл іс-шаралар халық көп жиналатын орындарда, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы ұйымдастырылды.