
Ағымдағы жылдың 19 наурызында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығына сәйкес, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және кене энцефалиті мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері мен қаланың медицина ұйымдарының өкілдері қатысты.
Департамент басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова семинарға төрағалық етіп, эпидемиологиялық маусым алдында семинардың мақсаты мен маңыздылығын атап өтті.
Әрі қарай Департаменттің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Ж.А. Отарбекова мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының клиникасы мен принциптері туралы түсіндірді.
Соғдай-ақ, Департаменттің жауапты бас мамандары Ж.Ж. Иманбекова мен Б.М. Нұрғалиева Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуы мен кене энцефалитінің эпидемиологиясы және оған қарсы жүргізілетін іс-шаралары бойынша баяндама жасады.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар беріліп, санитариялық қағидаларды сақтау бойынша бірқатар ұсынымдар берілді.