
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлығыңызды «Көрісу» күнімен құттықтайды!
14 наурыз – «Көрісу» күні, қазақта Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар қыстан аман шыққанына қуанып, бір-біріне бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, амандық-саулық тілейді. «Көрісу» күнінде көбіне жастар үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады, үлкеннің ықыласына ие болады.
Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы «Көрісу» ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады.
«Көрісу» күні ақ тілек арнап, бата алатын күн, бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Амал мерекесі - Наурыздың алғашқы жаршысы іспеттес. Амалдың негізгі шарты - үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді демеу, жарлыны жарылқау.
Әз-Наурыздың бастамасы болып келген Көрісу күні - әр шаңыраққа бақыт пен құт-береке әкелсін!