Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Қызмет басталар алдында сыйымдылығы 20 орыннан асатын моншалары немесе сауналары бар шаруашылық субъектілері эпидемиялық мәні жоғары объектінің Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы тиіс, сыйымдылығы 20 орыннан аз моншалар немесе сауналар эпидемиялық мәні болмашы объектінің қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруі тиіс.

 

Қолданыстағы санитариялық қағидаларға сәйкес монша және сауна үй-жайларының құрамына: санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық бөлмесі немесе орыны кіреді.

 

Көп функционалды ғимараттарда моншалар мен сауналар орналасқан кезде, қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз ететініне назар аудару қажет.

 

Моншалар мен сауналар сору-сыртқа тарату, жылумен жабдықтау, ыстық және суық сумен жабдықтау, су бұру жүйелерімен жабдықталуы тиіс.

 

Моншалар мен сауналарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған жиһаз орнатылады, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер пайдаланылады, ағаш траптар пайдаланылмайды.

 

Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, мүкәммаларды және жабдықтарды жинау, жуу және дезинфекциялау жүргізіледі.

 

Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында үй-жайлардың әрлеудегі ақаулары (сынған жапсырма плиткалар, линолеум, жыбындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда) уақтылы жөнделуге жатады.

 

Моншалар мен сауналардың қызмет көрсетуші персоналы нормалау құжаттарына сәйкес уақтылы медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өтеді.

 

Кәсіпкерлік субъектілері өздері жүзеге асыратын қызметке сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ жарты жылда 1 рет халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарға өндірістік бақылау нәтижелері бойынша ақпарат беруге міндетті.

 

Өндірістік бақылау нәтижелері бойынша эпидемиялық мәні жоғары объектілер (спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, сыйымдылығы 20 орын және одан асатын моншалар мен сауналар) мерзімді ақпарат ұсынбаған жағдайда, оларға қатысты жедел ден қою шараларын қолданып, бара отырып профилактикалық бақылау қалыптастырылатын болады.

 

Ал эпидемиялық мәні болмашы объектілерге (сыйымдылығы 20 орынға дейін спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, моншалар, сауналар) қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.