
Мектеп жасына дейінгі кезең - баланың ағзасы қарқынды даму кезеңі. Бұл кезде дұрыс тамақтанбау, әсіресе зиянды тағамдарды жиі тұтыну баланың физикалық, психологиялық және когнитивтік (ақыл‑ой) дамуына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан баланың күнделікті мәзірі сапалы әрі қауіпсіз болуы тиіс, бұл талаптар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі бекіткен санитариялық‑эпидемиологиялық нормалар мен қағидаларда нақты айқындалған.
Зиянды тамақ дегеніміз - баланың ағзасына қажетті қоректік заттарды жеткілікті мөлшерде бермейтін, денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін тағам. Яғни, бұл - артық қант, тұз, қаныққан май, бояғыштар, консерванттар немесе калориясы жоғары, бірақ қоректік құндылығы төмен тағамдар.
Балалар үшін зиянды тағамға мыналар жатады:
- фастфуд өнімдері - бургер, хот-дог, чипсы, картоп фри;
- құрамында жоғары мөлшерде қант, тұз және қаныққан майлар бар тәттілер мен кондитер өнімдері (шоколад, кәмпит, печенье, халва, мармелад);
- газдалған және тәтті сусындар - кола, фанта, энергетикалық сусындар;
- қаныққан майға және ұн өнімдеріне бай тағамдар - майлы қуырылған тағамдар, кейбір жылжымалы тағамдар;
- қоспалар мен консерванттар көп өнімдер - бояғыштар, ароматизаторлар, ұзақ сақталатын өнімдер.
Зиянды тағамдардың балалар ағзасына әсері мынадай:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ‑59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық‑эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасына сәйкес, мектеп жасына дейінгі балаларға тамақтануды ұйымдастыруға келесідей негізгі талаптар қойылады:
- теңгерімді мәзір - объекті басшысы бекіткен перспективтік ас мәзірі жасалады және ол балалардың жас ерекшелігіне сай болуға тиіс;
- тыйым салынған өнімдер - жоғарыда аталған зиянды тағамдар балабақшадағы балалар мәзіріне қоспау қажет;
- тамақ өнімдерінің сақталуы - тез бұзылатын өнімдер температура режимдеріне сай арнайы тоңазытқыштарда сақталуы тиіс;
- қантты тағамдар мен кондитер өнімдерінің (шоколад, кәмпит, печенье), фастфуд пен газдалған сусындардың балабақша мәзірінде болуына жол берілмейді.
Сонымен қатар, рационда болуы тиіс өнімдер қатарына: сүт және сүт өнімдері, ет және балық, көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар, табиғи шырындар және су кіреді.
Санитариялық қағидаларда атап көрсетілгендей, мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті рационын теңгерімді түрде ұйымдастыру - олардың дұрыс өсуі мен дамуының негізі.
Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балаларға зиянды тағамның әсері олардың ағзасына ғана емес, психологиялық жағдайына да кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан балалардың тамақтануын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының санитариялық‑эпидемиологиялық талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет. Бұл балалардың денсаулығын сақтау, теңдестірілген тамақтануын қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады.