Жұқпалы аурулармен күресудің негізгі әдісі - вакцинация

Жұқпалы аурулармен күресудің негізгі әдісі - вакцинация

Бүкіл әлемде вакцинация халықты жұқпалы және паразиттарлық аурулардың пайда болуы мен таралуынан қорғаудың ең тиімді әдісі болып табылады.

 

Қазақстан Республикасында балалар мен ересектерді вакцинациялау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының профилактикалық егулерінің ұлттық күнтізбесі ересектер мен балаларды полиомиелитке, дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, вирустық гепатит В, туберкулезге, гемофильді және пневмококкты инфекцияларға қарсы иммундауды қамтиды. Сонымен қатар, балаларға вирустық гепатит А жұқпасына қарсы егулер жүргізілуде.

 

Қалада 2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17-ші қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу туралы» № 11 қаулысына сәйкес АПВ-ға қарсы жоспарлы түрде вакцинация 11 жастағы қыздарға, сондай-ақ 12-13 жастағы қыздарға толықтыра иммундау шеңберінде жүргізілуде. Вакцинация 6 ай аралық интервалды 2 дозадан тұрады. 

 

Иммунопрофилактикада медицина қызметкерлерінің негізгі міндеті-әр баланы уақтылы және толық вакцинациялау. Осы мақсатта Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балалар мен ересектер тегін иммундау жүргізу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен жыл сайын жеткілікті қаржы бөлінеді.

 

Иммунопрофилактиканың заманауи дамуының арқасында бүгінде вакциналардың саны көп, олардың арасында моновакциналар және де біріктірілген вакциналар бар, олар бір дозада екіден алтыға дейін вакцинаны біріктіруге мүмкіндік береді, бұл инъекция санын азайтады. Вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігіне сапаны мемлекеттік бақылау кепілдік береді. Тек қана осындай вакциналар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

 

Дені сау жаңа туған нәресте перзентханада, алғашқы 12 сағатта вирустық гепатит В және туберкулез жұқпасына қарсы вакцина алуы керек. 1 жасқа дейінгі бала тұрғылықты жері бойынша емханада көкжөтелге, сіреспеге, дифтерияға, полиомиелитке, вирустық гепатит В, гемофильді және пневмококкты инфекцияларға қарсы егіледі. 1 жаста балада қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке, полиомиелитке, пневмококкты инфекцияларға қарсы егіледі.

 

Болашақта тұрақты иммунитетті сақтау үшін бала белгілі бір уақыт аралығында қызылшаға, қызамыққа, паротитке, сіреспеге, көкжөтелге, дифтерияға, гемофильді және пневмококкты инфекцияларға қарсы қайта егіледі. 16 жастан бастап ересек тұрғындар тұрғылықты жері, жұмыс немесе оқу орны бойынша емханаларда әр 10 жыл сайын сіреспеге, дифтерияға қарсы егілуі тиіс.

 

Жұқпалы аурулардың алдын алуда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілетін иммунизацияға үлкен мән берілу қажет, атап айтқанда эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша кене энцефалитіне, іш сүзегіне және құтырмаға қарсы жүргізілетін иммунизация жүргізіледі.

 

Әрине, ешқандай итммунизация аурудан жүз пайыз қорғануға кепілдік бермейді, алайда эпидемияның алдын алу үшін халықтың көп бөлігін иммундау жеткілікті. Өз балаларына екпе жасаудан бас тартқан ата-аналар өз балаларына ғана емес, басқа балаларға да жұқтыру қаупін жоғарлатады.

 

Ауруды емдегенше  алдын-алу оңай екенін есте ұстаған жөн!