
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай жөнінде өңірлік штабтың кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен: басшы Қасымхан Алпысбайұлы мен басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова қатысты.
Сондай-ақ, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, аудандық медицина бірлестіктерінің үйлестірушілері мен медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.
Қасымхан Алпысбайұлы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы баяндама жасап, аурудың алдын алу бойынша бірқатар ұсынымдар берді.
Әсел Тоқанқызы қосымша иммундау және профилактикалық екпе жүргізу, қызылша ошақтарында эпидемияға қарсы шараларды уақытылы ұйымдастыру туралы ұсынымдар берді.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Орымбасарұлы Пашимов күн тәртібі бойынша аудандық медицина бірлестіктері үйлестірушілерінің есебін тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді.
Штаб қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, иммундаумен қамтуды көтеру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған жүйелі тапсырмалар берілді.