Вирусты А гепатиті және оның алдын алу шаралары

Вирусты А гепатиті және оның алдын алу шаралары

Вирусты А гепатиті - А гепатиті вирусы тудыратын бауырдың жедел вирустық ауруы. Инфекция көзі - науқас адам. А гепатит вирусы физикалық және химиялық факторларға төзімді болып келеді, қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады.

 

Вирусты А гепатитының берілу механизмі - фекальды-оральды, су, тағам және тұрмыстық жолдар арқылы жүзеге асады. Вирусты жұқтыру ластанған тамақ өнімдері мен суды тұтыну кезінде немесе жұқтырылған адаммен тікелей байланыста болғанда, ластанған су айдындарында шомылғанда, сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтамағанда болады.

 

Ауру көбінесе жеңіл түрде өтеді, сарғаюлы немесе сарғаюсыз формада болады. Клиникалық белгілері интоксикация синдромы, тұмау тәріздес көріністер, диспепсиялық бұзылулар, тері мен аққабықтың сарғаюымен сипатталады.

 

Вирусты А гепатитінің инкубациялық кезеңі 7 куннен 50 күнге дейін (орташа 35 күн) созылады. Вирусты А гепатитімен барлық жастағы адамдар ауырады, бірақ көбінесе егілмеген балалар жиі жұқтырады.

 

2026 жылғы қаңтар айында 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші - 0,29, ал 2025 жылғы сәйкес кезеңде - 0,68 құрады, аурушаңдық 2,3 есе төмендеді. Ауру көбінесе ересектер арасында тіркеледі (57,1%), 14 жасқа дейінгі балалар - 42,8%.

 

Вирустық А гепатитінің ең тиімді алдын алу әдісі - вакцинация. Гепатит А-ға қарсы жоспарлы вакцинация 2 жастағы балаларға және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша науқаспен қарым-қатынаста болған бұрын жоспарлы түрде егілмеген 14 жасқа дейінгі балаларға тұрғылықты  мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі.

 

Сонымен қатар вирусты А гепатитінің жеңіл алдын-алу шараларын орындау керек:

 

- жеке гигиена ережелерін  қатаң сақтау: тамақтан бұрын, дәретханадан кейін, жұмыстан және серуеннен кейін қолды сабынмен жуу;

- ішуге тек қайнатылған немесе бөтелдегі суды қолдану;

- шомылу кезінде судың ауызға түсуін болдырмау;

- ыдыстар мен  бөлмелердің тазалығын сақтау;

- дәретхана мен жуынатын бөлмеде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып тазалау жұмыстарын жүргізу;

- науқас балаларды бала-бақшаға және мектепке апармау;

- смартфон және басқа гаджеттерді антисептикпен үнемі өңдеу.

 

Осы ережелер мен ұсыныстардың сақтау вирусты А гепатитінен қорғайды. Вирусты А гепатитінің  белгілері пайда болған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, өзін-өзі емдеумен айналыспау керек.