«Масленица» мейрамын тойлауда тамақтан улану қауіпіздігі бойынша сақтық шаралары

«Масленица» мейрамын тойлауда тамақтан улану қауіпіздігі бойынша сақтық шаралары

Масленица мерекесі - дәстүрлі мереке, достар мен отбасы мүшелері бірге дастарқан басында жиналады. Бірақ мерекелік тағамдардан ләззат алу кезінде тамақтан улану қаупін ескерген жөн. Тамақтан улану - микроорганизмдер немесе токсиндер әсерінен болатын тағамдық инфекциялар, олар денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.

 

Мерекелік дастарқанға арналған тағамдарды таңдағанда олардың сапасына ерекше мән берген дұрыс. Ет, сүт өнімдері, жұмыртқа мен балықты тек сенімді, сертификаты бар сатушылардан алыңыз. Өнімді сатып аларда жарамдылық мерзімін, сыртқы түрін және иісін міндетті түрде тексеріңіз. Мерзімі өтіп кеткен немесе сапасына күмән тудыратын тағамдарды қолданбаған жөн.

 

Ет пен балықты толық пісіріп немесе жақсылап қуырыңыз. Шала піскен тағамды қолданбаңыз. Жұмыртқа мен сүт өнімдерін тек толық өңделген күйінде пайдаланыңыз. Көкөніс пен жеміс-жидектерді мұқият жуып, қажет болса қайнатып немесе буға пісіріңіз. Ас дайындау кезінде таза пышақ, тақтай және ыдыстарды қолданыңыз.

 

Қол гигиенасын сақтаңыз! Қолыңызды жиі сабындап жуыңыз. Ас дайындағанда таза ыдыс пен құралдарды пайдаланыңыз. Піскен тағамды бөлме температурасында ұзақ қалдырмаңыз. Ыстық тағамды мүмкіндігінше тезірек тұтыныңыз.


Қалған асты тоңазытқышта 0-5°C температурада сақтаңыз. Дастарқанға қойған тағам ұзақ уақыт жылы жерде тұрмауы керек.

 

Көше дүңгіршектерінен тағам алғанда абай болыңыз. Мереке кезінде сырттан тамақ алу жиі кездеседі. Мұндайда сатылатын жердің тазалығына көңіл бөліңіз. Қақпағы жоқ, шаң-тозаңға немесе жәндіктерге ашық тұрған тағамды алмаңыз. Белгісіз немесе күмәнді өнімдерді сатып алудан аулақ болыңыз.

 

Мерекелік дастарқанның қауіпсіз болуы - әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Осы қарапайым ережелерді сақтасаңыз, өзіңізді және отбасыңызды тамақтан уланудан қорғай аласыз.

 

Көңілді, дәмді әрі қауіпсіз мереке тілейміз!