
Антибиотиктер - медицинаның ең ұлы жаңалықтарының бірі. Олардың арқасында адамзат пневмонияны, туберкулезді, сепсисті жеңіп, операциядан кейінгі асқынулардың алдын алып, миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды.
Алайда бүгінде әлем алдында үлкен сынақ тұр - бұл антибиотиктерге төзімділік. Антибиотиктерге төзімділік - бактериялардың бұрын тиімді жойған дәрілерге бейімделіп, төзімділік қалыптастыру қабілеті.
Антибиотиктерге төзімділік неге әсерін тигізеді:
- бұрын бірнеше күнде жазылатын инфекциялар өмірге қауіпті бола бастайды:
- қарапайым операциялар мен босану өлімге әкелетін асқынулармен жүруі мүмкін;
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, жыл сайын жүздеген мың адам емге көнбейтін инфекциялардан көз жұмады.
Антибиотиктерге төзімділіктің қаупі неде?
- инфекцияны емдеу ұзаққа созылады, қымбатқа түседі және әрдайым нәтиже бермейді;
- ең күшті дәрілерге де көнбейтін «супербактериялар» пайда болады;
- 2050 жылға қарай антибиотиктерге төзімділік жыл сайын 10 миллионға дейін адамның өліміне әкелуі мүмкін - бұл қатерлі ісіктен де көп.
Тұрақты инфекциялардың дамуын болдырмау, қолданыстағы дәрі-дәрмектердің тиімділігін сақтау, инфекциялардың таралу қаупін азайту, жануарлардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында мыналарды ұсынамыз:
Есіңізде болсын: антибиотиктер - панацея емес. Олардың тиімділігі әрқайсымыздың жауапты қарым-қатынасымызға байланысты.