Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай жөнінде жұмыс кеңесі өткізілді

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай жөнінде жұмыс кеңесі өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай жөнінде жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс кеңесіне аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары қатысып, аурудың алдын алуға бағытталған шаралар туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес, «Вакцинация» модуліне енгізілетін мәліметтердің дұрыстығы, ведомствоаралық әрекеттесу және аурудың алдын алу бойынша өзге де мәселелер қаралды.

Бұдан бөлек, Әсел Тоқанқызы қызылша ауруы бойынша талдау жасауға, тергеп-тексерулерді сапалы әрі уақытылы жүргізуге, халықтың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.