Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кеңейтілген отырысы өткізілді

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кеңейтілген отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының төрағалығымен кеңейтілген отырысы өткізілді.

Отырысқа Департамент басшысының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, аудандық басқармалардың басшылары қатысты.

Сонымен қатар, отырысқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сарапта орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалдарының басшылары шақырылды.

Отырыс барысында 2025 жылғы қызмет нәтижелері қорытындыланып, 2026 жылға арналған негізгі жұмыстың бағыттары айқындалды.

Күн тәртібіне сәйкес басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова 2025 жылдағы эпидемиологиялық жағдай мен жүргізілген іс-шаралар туралы кеңінен баяндама жасады.

Басшы орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова 2025 жылғы санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бағыты бойынша баяндама жасады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сарапта орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалдарының басшылары да өз қызметтері бойынша ақпарат берді.

Департаменттің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Мейірхан Нурахынұлы Мухамедиев 2025 жылғы қызметкерлердің жалпы орындаушылық тәртібі туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар ол 2025 жылғы мемлекеттік қызметішлердің тәртіптік жауаптылығы мен олардың қызметін бағалау ақпаратпен бөлісті.

Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы баяндамашылардың тыңдай келе аудандық басқармаларға бірқатар ескертулер беріп, олардан нақты көрсеткіштерді талап етті.

Отырыс қорытындысы бойынша айтылған ескертулерді жою және бұзушылықтарды болдырмау жөнінде жауапты қызметкерлерге бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.