
Аудандық басқармалардағы кеңейтілген отырыс Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен аяқталды.
Отырысқа Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының төрағалық етті.
Басқарма басшысы Айбек Әскербекұлы Әскербек 2025 жылғы қызмет бойынша және 2026 жылға арналға міндеттер туралы баяндама жасады.
Қасымхан Алпысбайұлы әр саланың жауапты қызметкерлеріне сұрақтар қойып, нақты жауаптар талап етті.
Сондай-ақ, Департамент басшысы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Бұдан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.