
Кезекті кеңейтілген отырыс Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында өткізілді.
Отырысқа Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова төрағалық етті.
Басқарма басшысы Дархан Алдоңғарұлы Сисеновтың баяндамасынан кейін Гаухар Сұлтанқызы жауапты қызметкерлерге сұрақтар қойды.
Сонымен қатар, 2025 жылғы қызметтің қорытындысы бойырша Департаменттің талдауы негізінде Басқарма қызметкерлеріне ескертулер жасалды.
Бұдан бөлек 2026 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалып, Басқарма қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар берілді.