
Бүгін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен кезекті көшпелі кеңейтілген отырыс Бостандық ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жалғасты.
Отырыс барысында Басқарманың 2025 жылғы қызметінің қорытындылары қаралып, 2026 жылға арналған негізгі және өзекті міндеттері айқындалды.
Басқарма басшысы Жанар Тілеубайқызы Мәденова 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасады.
Басқарма басшысының баяндамасынан кейін Әсел Тоқанқызы 2025 жылғы қызметтің талдауы бойынша әр саланың жауапты қызметкерлеріне сұрақтар қойып, ескертпелер айтты.
Сондай-ақ, 2026 жылы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған міндеттер қойылып, Басқарма қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар берілді.
Бұдан бөлек Басқарма қызметкерлері осындай ашық және бетпе-бет форматта кеңейтілген отырыстардың өткізіліп жатқаны үшін Департамент басшылығына алғыс білдірді.