Алмалы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының кеңейтілген отырысы өткізілді

Алмалы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының кеңейтілген отырысы өткізілді

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының төрағалығымен Алмалы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының кеңейтілген отырысы өткізілді.

 

Кеңейтілген отырыстың міндеті 2025 жылғы қызметті қорытындылау, 2026 жылға арналған негізгі және өзекті міндеттерді талқылау болып табылады.

 

Кеңейтілген отырысқа сондай-ақ Алмалы ауданының әкімі Арман Нұржанұлы Шамшин арнайы қатысып, жергілікті атқарушы орган мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ведомствоаралық әрекеттесу мәселелері талқыланды.

 

Одан соң, Басқарма басшысы Егор Викторович Таркинский 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасады.

 

Қасымхан Алпысбайұлы 2025 жылғы қызметтің талдауы бойынша әр саланың жауапты қызметкерлеріне сұрақтар қойып, ескертпелер айтты.

 

Сондай-ақ, 2026 жылы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған міндеттер қойылып, Басқарма қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар берілді.