
Өндірістік ғимараттарда қолайлы микроклиматты қамтамасыз ету - жұмысшылардың денсаулығын сақтау, еңбек өнімділігін арттыру және кәсіптік аурулардың алдын алудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Микроклимат параметрлері жылумен жабдықтау, желдету және ауаны баптау жүйелері арқылы реттеледі және санитариялық нормаларға толық сәйкес келуі тиіс.
Өндірістік үй-жайларда:
- жұмыс аймағында бірқалыпты әрі тұрақты температуралық режим қамтамасыз етілуі;
- жылыту жүйелері күйік алу қаупін тудырмауы;
- ашық қыздыру элементтерін қолдануға жол берілмеуі;
- ауа температурасы атқарылатын жұмыстың ауырлық дәрежесіне сәйкес болуы қажет.
Ауа температурасының нормативтері:
- ауыр физикалық жұмыс кезінде – 16-18 °C;
- орташа ауырлықтағы жұмыс кезінде – 18-20 °C;
- жеңіл жұмыс кезінде – 20-22 °C.
Өндірістік ғимараттарда желдету жүйелері:
- табиғи, механикалық немесе аралас түрде ұйымдастырылуы;
- ауа алмасу мөлшері өндіріс процесінің сипатына қарай есептелуі тиіс.
Зиянды заттар бөлінетін орындарда:
- жергілікті сорғыш желдету;
- жалпы алмасу желдетуі бір мезгілде қолданылуы міндетті.
Ластанған ауаны қайта айналымға (рециркуляцияға) жіберуге қатаң тыйым салынады.
Ауаны баптау жүйелері өндірістік үй-жайларда:
- ауа температурасының;
- салыстырмалы ылғалдылықтың;
- ауа қозғалысы жылдамдығының санитариялық нормаларға сай болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар:
- сүзгілер уақтылы тазартылып, қажет болған жағдайда ауыстырылуы;
- бактериялар мен зең саңырауқұлақтарының дамуына жол бермеу үшін -биологиялық ластанудың алдын алу шаралары жүргізілуі;
- жабдықтардың шу мен діріл деңгейі санитариялық рұқсат етілген шектен аспауы қажет.