
Бүгін бекітілген кесте бойынша көшпелі кеңейтілген отырыс Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында өткізілді.
Отырысқа Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова төрағалық етті.
Басқарма басшысы Венера Исмагуловна Конееваның 2025 жылғы жүргізілген жұмыстар туралы баяндамасынан кейін Гаухар Сұлтанқызы әрбір жауапты қызметкерге сұрақтар қойып, кемшіліктер бойынша ескерту жасады.
Басқарма қызметкерлеріне 2026 жылы аталған ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдап, қызметтің тиімділігін арттыру үшін бірқатар тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Гаухар Сұлтанқызы Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде және Департаменттің ішкі қауіпсіздік бөлімі басшысының м.а. Мейірхан Нурахынұлы Мухамедиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндіру жүргізді.