
Бүгін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен кезекті кеңейтілген отырыс Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында өткізілді.
Отырыста Басқарманың 2025 жылғы қызметті қорытындылап, 2026 жылға арналған негізгі міндеттері айқындалды.
Басқарма басшысы Асима Бақытжанқызы Исембаева 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасады.
Әсел Тоқанқызы Департаментпен жүргізілген талдауға сәйкес, әр саланың жауапты қызметкерлеріне сұрақтар қойып, ескертпелер айтты.
Сондай-ақ, жуырда болатын Департаменттің қорытынды отырысына дейін айтылған ескертпелерді жою бойынша шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.