
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы қызметті қорытындылап, 2026 жылға арналған негізгі міндеттерді талқылау мақсатында аудандық басқармаларда кеңейтілген отырыстар басталды.
Бекітілген кестеге сәйкес, бүгін басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының кеңейтілген отырысы өткізілді.
Отырыс барысында Басқарма басшысы Мақсат Мырзабекұлы Толқынбеков 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасады.
Әсел Тоқанқызы 2025 жылғы қызметтің талдауы бойынша әр саланың жауапты қызметкерлеріне сұрақтар қойып, ескертпелер айтты. Сондай-ақ, 2026 жылы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған міндеттер қойылып, Басқарма қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар берілді.