
Тері беті тұтастығының зақымдалуымен байланысты маникюр және педикюр қызметтерінің тұрғындар арасында эпидемиологиялық қаупі бар, сондықтан Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес дезинфекциялық және стерилизациялық шараларды орындауды қажет етеді.
Сұлулық салондары көрсететін қызметтердің танымалдылығының артуына байланысты, келушілердің назарына келесі мәселелерді білуді ұсынамыз:
Тері және сілемейлі қабаттардың зақымдануы мүмкін манипуляциялар үшін (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құрал-саймандарды дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазарту және стерилдеу керек.
Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, В және С вирустық гепатитінің маркерлеріне тексеріледі және жеке медициналық кітаптары болуы тиіс.
Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізілу керек.
Ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған кезде, персоналдың клиенттермен жұмысы қорғаныш оқшаулағыштармен (саусаққаппен, жабысқақ пластырьмен) жүзеге асырылу қажет.
Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртілу керек.
Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң жуу құралдарын пайдалана отырып өңделуі тиіс.
Маникюр, педикюр, косметикалық көрсетілетін қызметтерді жеке жинақтар (көрсетілетін косметикалық қызмет түрі бойынша) болған жағдайда жүргізу керек.
Барлық үй-жайларында ылғалды жинау күн сайын жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, бөлінген орында (үй-жайда) сақталады.
Қызмет басталар алдында тері және шырышты қабығын бұза отырып қызмет көрсететін сұлулық салондары, оның ішінде татуировка және татуировка бойынша қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілер жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы тиіс.
Тері және шырышты қабығын бұзбай косметикалық қызметтер көрсететін сұлулық салондары, оның ішінде маникюр мен педикюр эпидемиялық маңызы шамалы объектінің қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруі тиіс.