Қаланың босандыру ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді

Қаланың босандыру ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бұйрығы негізінде қаланың босандыру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша мониторинг жүргізілді.

 

Аталған мониторингті жұмыс тобы жүзеге асырды. Жұмыс тобының құрамына Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Мақпал Жүзбайқызы Баратова қатысты.

 

Мониторинг барысында Департамент өкілімен босандыру ұйымдарының медициналық персоналдары арасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамалардың талаптары түсіндіріліп, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетілді.

 

Атап айтқанда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 ж. № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау мекемелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.07.2022 ж. № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген «Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының» нормалары түсіндірілді.

 

Сондай-ақ, босандыру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, инфекциялардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу және т.б. мәселелер бойынша ұсынымдар берілді.