
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) бақылауында 2746 білім беру объектісі бар, оның ішінде: 361 жалпы білім беретін мектеп, балалар мен жасөспірімдер тұратын 32 объект, мектептердің 274 ас блогы, 1026 мектепке дейінгі ұйым, 7 мектеп-балабақша, жоғарғы оқу орындарының (239) және орта оқу орындарының (150) объектілері, 3 қала сыртындағы лагерь, 5 балалар шипажайы, 51 медициналық-әлеуметтік және 598 өзге де объектілер.
Өткен жылмен салыстырғанда білім беру объектілерінің саны 13%-ға, яғни жеке меншік балабақшалардың, жалпы білім беретін мектептердің, мектеп асханаларының, студенттік жатақханалардың, медициналық-әлеуметтік және өзге де объектілердің көптеп ашылуына байланысты артып отыр.
2025 жылы барлығы 115 объект тексерілді, оның ішінде рұқсат құжаттары талаптарының сәйкестігіне тексеру және субъектке бару арқылы профилактикалық бақылау бойынша - 20, тексерілмегені - 11. Зертханалық-аспаптық зерттеулерді қолдана отырып 29 тексеру жүргізілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 51 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, жалпы сомасы 19 226 480 теңге айыппұл салынды, 100% өндірілді. Тексерілген объектілер бойынша бұзушылықтарды анықтау көрсеткіші - 62%. 62 бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша 4 материал (3 балабақша және 1 балалар үйі) Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына жіберілді.
17 жедел ден қою шаралары қолданылды, оның ішінде: жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру - 2, тыйым салу - 15, өнімді кері қайтару - 1, жұмыстан уақытша шеттету - 2.
Микробиологиялық зерттеу үшін 40 ауыз су сынамасы алынды, барлығы нормативтік құжаттардың (бұдан әрі - НҚ) талаптарына сәйкес болды. Тағамнан 16 сынама алынды, оның 3-і (18,7%); қоршаған ортадан 55 шайынды алынып, оның 1-і (1,8% ) НҚ талаптарына сәйкес келмеді.
Тағамдардың калориялық нормаларының сәйкестігіне 23 тағам зерттеліп, оның 10-ы (43,51%) НҚ талаптарына сәйкес келмеді.
Жарықтандыру деңгейі бойынша 2803 өлшеу жүргізіліп, оның 577-сі (20,5%) НҚ талаптарына сәйкес емес екені анықталды; микроклимат параметрлеріне 28799/60 (0,2%), шу деңгейіне - 192/4 (2%), электромагниттік өріске - 348/0 өлшем, ауа ортасына жүргізілген зерттеулер - 13 639/42 (0,3%) құрады.
Сәйкессіздік анықталған зерттеулер мен өлшемдерге қатысты жауапты тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді, барлық бұзушылықтар жойылды.
Білім беру объектілеріне ағымдағы бақылау барысында жоғары тұрған органдарға 697 ақпараттық материал, талдаулар және анықтамалар дайындалды; санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдар деңгейінде 7 шешім қабылданды.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары үшін 12 семинар, конференция, дөңгелек үстелдер өткізілді, ал басқа ведомстволардың қызметкерлері үшін 102 іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оқушылар арасында салауатты өмір салтын, ұтымды және дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша мамандар: 1245 әңгіме, 120 дәріс өткізді, радио мен теледидарда 12 рет сөз сөйледі, БАҚ-та 19 мақала жарияланды, интернет-ресурстарда 582 материал орналастырылды.