
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдайға арналған брифинг ұйымдастырылды.
Брифингке Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова және инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Сәрсембайқызы Ахметова қатысты.
Департамент басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова қаладағы ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратпен бөлісіп, аурудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан сақтық шаралары туралы айтты.
Сондай-ақ брифинг спикерлері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауаптар беріп, телеканалдарға күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жеке сұхбаттар берді.
Брифингтің толық нұсқасын https://www.youtube.com/watch?v=Q4xRVXkG2iI сілтемесі арқылы көре аласыздар