Туберкулез

Туберкулез

Туберкулез   -   ауру   адамнан   сау   адамға   жұғатын   жұқпалы   ауру. Аурудың қоздырғышы туберкулездің микобактериясы. Инфекцияның негізгі көзі - туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас, ол жөтелгенде немесе түшкіргенде қақырық және басқада бөлінділер арқылы туберкулез   таяқшаларын  сыртқы   ортаға   бөледі. 

 

Туберкулез инфекциясының негізгі жұғу жолы - ауа арқылы. Науқас адамның жөтелу кезінде қақырықтың (сілекей) аса кішкентай, көзге көрінбейтін, 2 метрге дейінгі қашықтыққа таралатын ерекше «аэрозольдер» пайда болады. Науқас күніне   7   миллиардқа   дейін   туберкулез   таяқшаларын   аэрозоль   түрінде қоршаған ортаға шығарады, олардың кейбіреулері еденге немесе жергетүсіп, ұзақ   уақыт   сақталады. 

 

Туберкулезбен   ауыратын   науқас   гигиеналық ережелерді сақтамаса, қақырықты тікелей еденге немесе жерге түкіреді. Туберкулездің   микобактериялары   шаңмен   (бөлмелерді   тазалау   кезінде (құрғақ сыпыру), ауамен араласып, тыныс алу жолдары (мұрын, кеңірдек, трахея, бронхтар) арқылы адамның өкпесіне тікелей түседі.

 

Туберкулез ауруының негізгі клиникалық белгілері:

 

- дене қызуының (37,5 С) көтерілуі;

 

- жөтел (құрғақ немесе жеңіл бөлінетін қақырық);

 

- әлсіздік;

 

- тершендік (әсіресе түнде);

 

- тәбетінің болмауы;

 

- дене салмағының төмендеуі;

 

- кеуде қуысының ауруы.

 

Диагностикалық тұрғыдан аса маңызды белгілерінің бірі - 3 апта бойы қайтпайтын жөтел, қақырық тастау, дене салмағын жоғалту болып табылады.

Бірақ осы көрсетілген белгілер туберкулез ауруына ғана тән емес, басқада кеуде қуысының ауруларының белгілеріне де ұқсас болуы мүмкін, сондықтан

осындай белгілер пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу керек.

 

 Осы аурудың алдын алудың  басты шарттары:

 

- әр адамның өз денсаулығына немқұрайды қарамауы;

 

- денсулығына шағымдары болған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралуы;

 

- жылына 1 рет флюорографиялық тексеруден өтуі;

 

- толыққанды, сапалы тамақтануы;

 

- ауру адаммен қарым - қатынаста болған жағдайда, алдыңғы флюорографиялық тексеруден өткеніне 6 ай немесе оданда көп уақыт өтсе, қайта тексерілуі керек;

 

- бөлмелерді жиі желдендіру;

 

- балалар арасында туберкулез ауруының ерте кезінде анықтау үшін 14 жасқа дейінгі балаларға Манту сынамасы қою;

 

- жаңа   туған   нәрестелерге   БЦЖ   вакцинациясы   нәрестенің туылғаннан кейінгі алғашқы төрт күн ішінде егу кабинетінде жүргізу.

 

Балаларды   ерте   кезде   екпемен   қамту   оларды   туберкулездің   ауыр түрлерінен қорғайды.

 

Өзіңізді қорғаңыз және денсаулығыңызды сақтаңыз!