Топырақтың жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг рекреация аймақтарында және су тарту құрылыстарының санитариялық қорғау аймақтарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №ҚР ДСМ-32 бұйрығымен бекітілген «Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтер» гигиеналық нормативінің талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі (бұдан әрі-Гигиеналық норматив).
Алматы қаласы бойынша 2025 жылы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқармаларының мамандары микробиологиялық көрсеткіштерге 330 топырақ сынамасын, оның ішінде 17 сынама (5,2%) Гигиеналық нормативке сәйкес келмейтіні анықталды. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 180 сынама, сәйкес келмейтіні анықталған жоқ. Паразитологиялық көрсеткіштерге 170 сынама зерттеді, сәйкес келмейтіні анықталған жоқ.