Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жаңа жыл мерекелері кезеңінде тағамнан уланудың алдын алу және қауіпсіз жаңа жылдық сыйлықтарды таңдау мәселелеріне арналған брифинг ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Брифинг барысында Департамент басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова мерекелік күндері халық арасында тағамнан уланудың алдын алу шараларына тоқталып, әсіресе үй жағдайында дайындалатын және көпшілікке ұсынылатын тағамдардың сапасы мен оларды сақтау талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, қауіпсіз жаңа жылдық сыйлықтарды таңдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Балаларға арналған тәтті сыйлықтарды сатып алу кезінде өнімнің таңбалануына, жарамдылық мерзіміне және міндетті сәйкестік құжаттарының болуына назар аудару қажеттігі ескертілді.
Брифингтің толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады: