Департамент басшысының орынбасары Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген отырысында сөз сөйледі

Департамент басшысының орынбасары Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген отырысында сөз сөйледі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкеновтің төрағалығымен Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген отырысы өткізіліп, қаладағы білім беру жүйесінің өзекті мәселелері қаралды.

 

Отырысқа прокуратура, полиция, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар бойынша аумақтық бөлімшелердің өкілдері қатысты.

 

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшы орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова қатысып, білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндама жасады.

 

Сонымен қатар, Гаухар Сұлтанқызы мектептердегі тексерулер барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға қатысты бірқатар ұсынымдар берді.

 

Толығырақ төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=NbYJV8uvzuM