
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығына сәйкес, басшы орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенованың төрағалығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Жұмыс кеңесіне Департаменттің жауапты құрылымдық бөлімшелері мен аудандық басқармалардың өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау саласына жауапты қызметкерлері қатысты.
Гаухар Сұлтанқызы жуырда Қарағанды қаласына іссапары аясында алған тәжірибесімен бөлісіп, еңбек гигиенасы, жұмыс істейтін халықтың денсаулығы және «Саламатты жұмыс орындары» жобасын туралы айтты.
Департаменттің ішкі қауіпсіздік бөлімі басшысының м.а. Мейірхан Нурахынұлы Мухамедиев мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жалған құжаттарды жасаудың жолын кесу туралы түсіндірді.
Департаменттің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Толқын Дүйсеғұлқызы Базарқұлова дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін жүзеге асыруға лицензия беру бойынша түсіндірді.
Департаменттің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Абылайхан Жолдасбекұлы Үмбетәлиев «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша бірқатар ұсынымдар берді.
Кеңес қорытындысы бойынша күн тәртібіне қатысты аудандық басқармаларға бірқатар тапсырмалар беріліп, сұрақ-жауап және талқылау өтті.