
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен атмосфералық ауаның санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Департамент мамандары мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері қатысты.
Департамент басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова атмосфералық ауаға санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізудің, сондай-ақ ластанған атмосфералық ауаның инфекциялық емес аурушаңдыққа әсерін зерделеудің және себеп-салдарлық байланысты белгілей отырып, тәуекелдерді бағалауды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Г.Қ. Килибаева қатысушыларға атмосфералық ауаның жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін, бақылау нүктелерін таңдауды түсіндіріп, мониторинг қорытындыларымен таныстырды.
Семинар соңында проблемалық сұрақтар талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.