
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларымен орта оқу орындарының 8 жатақханасына және 49 оқу кешеніне жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.
Оның 6 жатақханасында және 28 оқу кешенінде бірқатар бұзушылықтар анықталды:
- төсек жаймалар жиынтығының жеткіліксіз болуы.
Анықталған бұзушылықтар бойынша ӘҚБт Кодекстің 463 бабтың 1 бөлігіне сәйкес 1 материал сотқа жолданып, заңды тұлғаға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу туралы соттың қаулысы шығарылды, 5 объектінің жауапты мамандарына 2 122 900 теңге көлемінде айыппұлдар салынып, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді және бұзушылықтар дер кезінде жойылды.
2025 жылы 5 жатақханаға бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Анықталған негізгі бұзушылықтар:
- санитариялық қағидалар талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық - эпидемиологиялық қорытындыларының болмауы;
- медициналық бөлмелердің қарастырылмауы;
- жөндеу жұмыстарының дер кезінде жүргізілмеуі;
- бөлме жайларда жарық деңгейіне зертханалық-аспаптық өлшемдерінің нормативтік құжаттарға сәйкессіздігі.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша 5 жедел ден қою шаралары жатақханалардың қызметіне тыйым салу, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, бұзушылықтар жойылды.