
Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдайға арналған брифинг ұйымдастырылды.
Брифингке Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармамының, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының басшылығы қатысты.
Брифинг барысында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова мен инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Сәрсембайқызы Ахметова қаладағы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауаптар беріп, аурудың алдын алу бойынша сақтық шараларын айтты.
Брифингтің толық нұсқасын https://www.youtube.com/live/-5frXHWU7gE?si=keVRaa5C4bFgyk5x сілтемесі арқылы көре аласыздар