
Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының төрағалығымен кеңейтілген отырыс өткізілді.
Отырысқа Департамент басшысының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары, аудандық басқармалардың басшылары қатысты.
Сонымен қатар, отырысқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сарапта орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалдарының директорлары шақырылды.
Отырыс барысында 2025 жылғы 9 айындағы қызмет нәтижелері қорытындыланып, жылдың соңына дейін жоспарланған іс-шаралар айқындалды.
Күн тәртібіне сәйкес басшы орынбасарлары Әсел Тоқанқызы Қалықова мен Гаухар Сұлтанқызы Каткенова өз салалары бойынша кеңінен баяндама жасап, аудандық басқармаларға бірқатар ескертулер мен ұсынымдар берді.
Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы аудандық басқармаларға отырыс қорытындысы бойынша бұзушылықтарды болдырмау жөнінде бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.
Бұдан бөлек, Қасымхан Алпысбайұлы айтылған ескерулерді жою және тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары жыл қорытындысы бойынша өткізілетін отырыста қаралатынын жеткізді.