Коммуналдық объектілер үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алу тәртібі

Коммуналдық объектілер үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алу тәртібі

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - СЭҚ) - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін растайтын құжат.

 

СЭҚ беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы болып табылады.

 

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы СЭҚ беруді Департаменттің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

 

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы СЭҚ алу үшін заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі жібереді.

 

Аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеу хаттамаларының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды.

 

Аккредиттелген зертханалар жүргізген өлшеу хаттамаларының қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 13 (он үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

 

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

 

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

 

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығын анықтау;

 

2) ұсынылған деректер мен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 4 (төрт) жұмыс күнде объектіге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Оның нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі ресімделеді

 

Оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.

 

Көрсетілетін қызметті беруші бұйрықтың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді.

 

Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде негіздеме беруге және алдын ала шешімге қарсылық білдіруге мүмкіндігі бар.

 

Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.