Департамент басшысының орынбасары Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген отырысында сөз сөйледі

Департамент басшысының орынбасары Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген отырысында сөз сөйледі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкеновтің төрағалығымен Алматы қаласы Білім басқармасының кеңейтілген отырысы өткізіліп, қаладағы білім беру жүйесінің өзекті мәселелері қаралды.

Отырысқа прокуратура, полиция, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар бойынша аумақтық бөлімшелердің өкілдері қатысты.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшы орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова қатысып, білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндама жасады.

Атап айтқанда Гаухар Сұлтанқызы мектептердегі ЖРВИ және туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалдарды, АПВ-ға қарсы вакцинация жұмыстарын баяндап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға қатысты бірқатар ұсынымдар берді.

Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы баяндама жасаған мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде білім беру ұйымдарына бірқатар нақты хаттамалық тапсырмалар берді.