
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау бөлімімен аудандық басқармалардың жауапты қызметкерлеріне арналған онлайн кеңес өткізілді.
Кеңес барысында тамақтану объектілеріне бармай профилактикалық бақылау жүргізуге қатысты мәселелер талқыланып, туындаған сұрақтардың шешу жолдары пысықталды.
Объектілердің рұқсат құжаттарысыз жұмыс істеуіне жол бермеу үшін кәсіпкерлер палатасы алаңында, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және интернет, жарнама, онлайн карталар арқылы мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды.
Аудандық басқармаларға осы бағыттағы жұмыстарды сапалы әрі уақытылы жүргізу қажеттігі туралы және тамақтану объектілерінің қызметіне қатысты түскен шағымдарды сапалы қарастыру жөнінде ұсынымдар берілді.