
Антибиотиктер - ХХ ғасыр медицинасындағы ең ұлы жетістіктердің бірі. Олардың арқасында адамзат бұрын жаппай өлімге әкелген көптеген жұқпалы ауруларды жеңе алды. Алайда антибиотиктерді ұзақ жылдар бойы кеңінен және бақылаусыз пайдалану жаңа қауіптің туындауына себеп болды - антибиотиктерге төзімділік, яғни микроағзалардың антибиотиктердің әсеріне қарсы тұра алу қабілеті.
Антибиотиктерге төзімділік - бактериялардың бұрын оларды тиімді жойған антибиотиктердің әсеріне қарамастан өмір сүріп, көбейе алу қабілеті. Бұл құбылыс табиғи эволюциялық процесс нәтижесінде пайда болады, бірақ оның таралуы антибиотиктерді дұрыс емес және шамадан тыс қолданудан айтарлықтай жылдамдайды - медицинада да, ауыл шаруашылығында да.
Жыл сайын төзімді микроағзалардың саны артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - ДДҰ) ескерткеніндей, егер жағдай өзгермесе, 2050 жылға қарай антибиотиктерге төзімді инфекциялар жыл сайын миллиондаған адамның өліміне әкеліп, онкологиялық және жүрек-қантамыр ауруларынан да асып түсуі мүмкін.
Төзімділіктің таралу себептері:
- антибиотиктерді дұрыс қолданбау - дәрігердің тағайындауынсыз қабылдау, бұрынғы дәрілердің қалдығын пайдалану, емдеу курсын аяқтамау;
- антибиотиктерді вирус тудыратын ауруларға қолдану, мұндай жағдайда олар тиімді емес;
- мал шаруашылығында антибиотиктерді жануарлардың өсуін тездету мақсатында пайдалану;
- медициналық мекемелерде инфекциялардың таралуын жеткілікті бақыламау, бұл төзімді штаммдардың кеңінен таралуына жағдай жасайды.
Инфекциялық бақылаудың рөлі
Инфекциялық бақылау - бұл жұқпалы аурулардың медициналық ұйымдарда және қоғамда таралуын болдырмауға бағытталған шаралар жүйесі. Тиімді инфекциялық бақылау пациенттер мен медицина қызметкерлерін қорғауға ғана емес, сонымен қатар төзімді микроағзалардың қалыптасуы мен таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Инфекциялық бақылаудың негізгі шаралары:
Антибиотиктерге төзімділікпен күрес барлық салалардың - медицина, ветеринария, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және білім беру мекемелерінің - бірлескен күшін талап етеді.
Әр адам өз үлесін қоса алады:
Өз кезегінде медициналық ұйымдар антимикробтық бақылау бағдарламаларын дамытуы, инфекциялық бақылаудың заманауи стандарттарын енгізуі және медицина қызметкерлерін антибиотиктерді ұтымды қолдану қағидаттарына үйретуі қажет.
Антибиотиктерге төзімділік - бұл ғаламдық қауіп.
Дәрігерлердің, фармацевтердің, эпидемиологтардың, ветеринарлардың және әрбір азаматтың күш-жігерін біріктіру арқылы ғана біз антибиотиктердің тиімділігін болашақ ұрпақ үшін сақтай аламыз.
Антибиотиктерді ұтымды пайдалану мен қатаң инфекциялық бақылау - болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтаудың басты кепілі.