«Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдарын бастаймыз

«Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдарын бастаймыз

Гүлнар Абуқызы Мақұлбекова  - 1969 жылы 4 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген.

1998 жылы Республикалық медицина колледжін «фельдшер» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ ұлттық медицина университетін «дәрігер- гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1987 жылы Талдықорған қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училищесінде бастап, 1988 жылдан 2002 жылға дейін Ақтөбе, Жетісу облыстарындағы әр түрлі мекемелерде қызмет еткен.

2002 жылдан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемологиялық бақылау қызметі жүйесінде қызмет етуде, 2011 жылдан осы уақытқа дейін Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінде жұмыс жасайды. Жалпы жұмыс стажы 38 жыл.

Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.