Гүлнар Шанжарқызы Аймаханова - 1969 жылы 24 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген.
1992 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық станциясы жүйесінде бастап, сол жерде 2002 жылға дейін қызмет еткен.
2002 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінде қызмет етіп келеді, жалпы жұмыс стажы 32 жыл.
Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.