«Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдарын бастаймыз

«Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдарын бастаймыз

Жанар Жекенқызы Иманбекова - 1968 жылы 15 тамызда Жетісу облысында дүниеге келген.

1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Талдықорған облысының санитарлық-эпидемиологиялық станциясы жүйесінде бастап, сол жерде 1998 жылға дейін қызмет еткен.

1999 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезды бақылау бөлімінде қызмет етіп келеді, жалпы жұмыс стажы 33 жыл.

Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.