Іріңді менингиттің эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу шаралары

Іріңді менингиттің эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу шаралары

Қалада 2025 жылдың 7 айында зертханалық расталған іріңді менингит жағдайлары тіркелген жоқ. 2024 жылдың сәйкес кезеңінде ересектер арасында 1 зертханалық расталған жағдай тіркелді.

 

Іріңді менингит, сондай-ақ бактериялық менингит деп те аталады, бактериялар тудыратын мидың қатты қабығының қабынуы болып табылады.

 

Іріңді (бактериялық) менингиттің қоздырғыштары көбінесе мыналар болып табылады: пневмококк, гемофильді таяқша, стрептококк, стафилококк, сондай-ақ көк іріңді таяқша, клебсиелла. Жаңа туған нәрестелерде іріңді менингит ішек таяқшасымен және басқа да шартты-патогенді микроорганизмдермен туындауы мүмкін.

 

Іріңді менингит адамнан адамға ауа-тамшы жолымен жұғады, яғни жұқтырған адам сөйлегенде, жөтелгенде немесе түшкіргенде инфекциялық агенттері бар ұсақ тамшылар ауаға таралады. Ауадағы тамшылармен жанында тұраған адамдар дем алады.

 

Инфекция мұрын мен тамақтан шыққан жұқпалы бөлінділермен ластанған қолдар, маталар және басқа да заттар арқылы таралуы мүмкін. Іріңді менингит жиі ауырған респираторлық вирустық инфекциялардың асқынуы болып табылады.

 

Іріңді менингит инфекциясының көзі аурудың айқын белгілері бар науқастар, сондай-ақ инфекция симптомсыз өтетін тасымалдаушылар болып табылады.

 

Іріңді менингиттің симптомдары: дене қызуының көтерілуі (39С-40С дейін), бас ауруы, жүрек айну, жарыққа сезімталдық, желке бұлшық еттерінің қатаюы (басын алға еңкейту мүмкін емес, басы өздігінен артқа аударылады), талмалар, психомоторлы қозу, есту қабілетінің бұзылуы.

 

Іріңді менингитпен ауыратын балаларда ызалы көңіл-күй, ашуланшақтық, тамақтан бас тарту, тәбеттің нашарлауы, жүрек айну, тамақтың ауыруы байқалуы мүмкін. Бұл белгілер тұмау немесе ЖРВИ-ға ұқсас болғандықтан, науқастар уақытында медициналық көмекке жүгінбейді. Сондықтан асқынулардың айтарлықтай даму қаупі бар.

 

Қазіргі уақытта іріңді менингиттің ең тиімді және экономикалық тиімді алдын алу шарасы - пневмококк пен гемофильді таяқша сияқты негізгі қоздырғыштарға қарсы вакцинациялау болып табылады.

 

Пневмококк инфекциясына қарсы (пневмококкке қарсы) вакцинация 1 жасқа дейінгі балалар алатын 3 екпеден тұрады. Бірінші дозаны бала 2 айда, келесі 2 екпені балалар 4 айда және туылған күнінен бастап 12-15 ай аралығында алады.

 

Гемофильді инфекциясына (гемофильді таяқшаға) қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне және полиомиелитке қарсы кешенді вакцинамен бір уақытта жүргізіледі.

 

Сонымен қатар, иммунитетті нығайту, гигиена ережелерін сақтау, инфекциялық ауруларды уақытында емдеу және науқастармен байланыстан аулақ болу сияқты арнайы емес шаралар да маңызды.