Маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерге баратын туристтерге арналған кеңестер

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерге баратын туристтерге арналған кеңестер

- эндемиялық аймақтарға барған кезде абай болыңыз және барлық сақтық шараларын қолданыңыз;

 

- басқа елге барар алдында осы аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты тексеріңіз. Бұл сізге қауіптерден хабардар болуға және қажетті сақтық шараларын қабылдауға көмектеседі;

 

- тері бөртпелері немесе аурудың басқа белгілері бар адамдармен жақын қарым-қатынасты азайтуға тырысыңыз;

 

- науқастарға күтім жасау кезінде маскалар мен қолғаптар және жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз;

 

- егер сізде белгілер пайда болса, инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін басқа адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз;

 

- масканы қолданыңыз, теріңізге және бөртпелерге қол тигізбеңіз. Қолыңызды жүйелі түрде жуыңыз және жанасқан беттерді зарарсыздандырыңыз;

 

- егер маймыл шешегіне ұқсас белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз;

 

- егер үйге оралғаннан кейін 21 күн ішінде бөртпе безгегі, бас ауруы немесе лимфа түйіндерінің ісінуі сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз;

 

- медициналық мекемеге барған кезде дәрігерге тиісті тағайындауы үшін қайда болғаныңызды және кіммен байланыста болғаныңызды хабарлауды ұмытпаңыз.